Адам деген атқа әрқашан лайық болуың керек. Ата - анаң сені оқуға жіберді, үміт күтеді. Сені мақтан еткісі келеді, келешегіңді көп ойлайды, алаңдайды. Сенімді ақта, бақытқа кенелесің. Уақытыңды босқа өткізбе. Әр сәтіңді тиімді пайдалан. Елдің соңында қалғың келмесе, білім ал. Көп ұйықтасаң, көп нәрседен құр қаласың. Уақыт саған берілген мүмкіндік. Уақытыңды уайымда. Алдыңа үлкен мақсат қой және әр күн сайын соған жетудің жолын ізде. Іздеген жетер мұратқа. Аз сөйлеп, көп тыңда. Тазалық сақта. Тазалық - иманның жартысы. Айналаң таза болса, жан әлемің де таза болады. Тәртіпке бағынсаң,...