ЖЕР АНА
Жерді сату дағдарыстан шығудың жолы емес, керісінше шешілмейтін дағарысқа өзің барып кіру деген сөз. Себептері:
1. Жерді сатсаң, онсыз да қоғам наразылығын тудырып отырған әлеуметтік теңсіздік күшейе түседі. Әлеуметтік теңсіздік кез-келген төңкерістің бас екенін ұмытпауымыз керек. Құдайым өзі сақтасын.
2. Жерді сатсаң, онсыз да жүз елу жылдан астам көлеңкеде жүрген қазақ рухы мәңгілік көлеңкеде қалып кетеді, табан астында өшіп кетеді. Қазақтың рухы өшсе, өзіміз барып құлдық қамытын киеміз. Құдайым өзі сақтасын.
3. Жерді сатсаң, өз жеріңде жетімнің күйін кешесің. Бай-бағландар мен шетелдіктер тиынға сатып алған өз жеріңде өзің жалданып еңбек етесің. Қолы байланған қара құлдың қатарына өтесің. Құдайым өзі сақтасын.
4. Жерді сатсаң, жетпіс жеті атаңның бейітін сүргізіп, қабірлік жерді сатып алатын күйге жетесің. Ол қорлық, оған қазақтай ел төзбейді. Сол себепті ұлтаралық қақтығыстар болуы мүмкін. Құдайым өзі сақтасын.
5. Жерді сатсаң, ұлттық қауіпсіздігіңе үлкен нұқсан келеді. Жеріңді сатып алған өз мықтың, ертең өз бауырын өзектен теуіп ұлттық бірлікке нұқсан келуі бек мүмкін. Ал жерді сатып алған қазақстандық өзге ұлт өкілдері мен шетелдіктер ертең ол жер менің меншігім сол себепті мен қауіпсіз державаларға қосылам десе не істей аласың. Әрине әзірге оған заңда рұқсат жоқ. Бірақ кім біледі алда не күтіп тұрғанын. Ен далаға өрт қойып ана таудың етегіне дейін өртеніп тоқтай қал деп айта алмайтыныңдай, өрттің басын өзіміз қойып тоқтата алмай қалмайық. Құдайым өзі сақтасын.
6. Жерді сатсаң, демографиялық жағдай ең төменгі күйге түседі. Құдайым өзі сақтасын. Алтын бесік ауылды асырап отырған мал және оның қорегі жер екенін, жердің өнімі екенін ұмытпайық. Жерді бір ауқатты сатып алса, жүз қазақ отбасы жер шұқып қалады. Жүз қазақтың өрісін тарылтпасаң, он бес жылда кем дегенде бес жүзден асатын ел болатынын ескерейік.
7. Жерді сатсаң, елімізге келген шетелдіктер қазақ қыздарына үйленіп, болмаса басқаша жағдайлармен ұлттық геніңді бұзады. Ұлттық ДНК кодына нұқсан келген ұрпақ бір күні жер анасын сатудан да ауыр сорақы қылық жасайды. Құдайым өзі сақтасын.
СОНДЫҚТАН АЛАШ ЗИЯЛЫСЫ МЕН ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ ЖЕРДІ САТПАҢЫЗДАР ЖӘНЕ САТҚЫЗБАҢЫЗДАР.
САТҚЫЗБАЙМЫЗ СОНЫ БІЛГЕНІ АБЗАЛ БОЛАР ЕДІ.
ЖЕРДІ САТЫП ЖЕҢІЛ ЖОЛ ІЗДЕГЕНШЕ ҚАЗАҚҚА ЖАҒДАЙ ЖАСАП, ЖЕТЕЛЕСЕҢ ДЕ ЖЕРГЕ ИЕ БОЛУҒА ЕҢБЕК ЖАСА МИНИСТР МЫРЗАЛАР.