ЖАҢА КӨЗҚАРАС 5
ЖАҢА  КӨЗҚАРАС 5

ҰЛТТЫҚ  КЕҢЕС 

Біздің  қоғамда әртүрлі қоғамдық ұйымдар арқылы көптеген өзекті мәселелер көтеріліп, қызу талқыланады.  Өкініштісі көп  жағдайда жақсы ұсыныстар мен болжамды идеялар қолдау  таппай, зерделеніп  зерттелмей қалып жатады. Себебі, бұл мәселелерді  елеп ескеріп, ұлттың мүддесіне  сайлап, ұлттық идеяға айналдырып отыратын пәрменді ұйым жоқ.  Менің  ойымша, ҰЛТТЫҢ  ҰЛЫ  МҮДДЕСІН ҚОРҒАЙТЫН  ҰЛТТЫҚ  КЕҢЕС  ҚҰРЫЛУЫ   КЕРЕК.  

          Ұлттық  кеңес қазақ мемлекетіне қатысты кез-келген  заңдар мен  іс-шараларды  қатаң түрде  қадағалап бекітетін құзіретті мекеме болуы керек.  Ұлттық кеңес шамамен 7 адамнан құралып, оның құрамына туғансыз  тура бидей  тура сөйлейтін, елбасының өзіне жалтақтамайтын елге және де әлемге белгілі ҚАЗАҚ ұлтының өкілдері кіруі керек. Мысалы, ШЕРХАН   МҰРТАЗА, АСҚАР ЖҰМАДІЛДАЕВ ...............

        Ол тұлғалардың әлеуметтік жағдайлары жұмысына қол байлау болмаулары үшін қазақ кәсіпкерлерінің зекетінен  ұлттық қор құрылып, түскен қаржының бір бөлігі кеңес өкілдерін қаржылық мұқтаждықтан қорғап тұруы керек.  ҰЛТТЫҚ  КЕҢЕСТІҢ  ШЕШІМІ  ПРЕЗИДЕНТ   ПЕН  ПАРЛАМЕНТ  ШЕШІМІМЕН   ҮЙЛЕСКЕН   ЖАҒДАЙДА   ҒАНА  ҰСЫНЫС  ЖҮЗЕГЕ  АСУЫ  КЕРЕК.  СОЛ  КЕЗДЕ  ТАРАЗЫНЫҢ  ЕКІ  БАСЫ ТЕҢ   БОЛАДЫ. 

Әділ ЕржанӘділ Ержан
8 жыл бұрын 2892
0 пікір
Блог туралы