ШАТАСТЫРМА
ШАТАСТЫРМА

1. ШҮКІРЛІК ПЕН ЖАЛҚАУЛЫҚТЫ;

2. ЕҢБЕК ПЕН ҚАНАҒАТТЫ;

3. НАМЫС ПЕН АШУДЫ;

4. БАҒЫНУ МЕН ЖАҒЫНУДЫ;

5. ҰЯЛУ МЕН ЕЗДІКТІ;

6. ПЫСЫҚТЫҚ ПЕН МЫСЫҚТЫҚТЫ;

7. АСЫЛ МЕН ЖАСЫҚТЫ;

8. АҚ ПЕН ҚАРАНЫ;

9. БИІК ПЕН АЛАСАНЫ;

10. СЕЗІМ МЕН СЕНІМДІ;

11. СӨЗ БЕН ІСТІ;

12. КЕҢ БОЛУ МЕН КЕМ БОЛУДЫ;

13. ЖОМАРТТЫҚ ПЕН ЖЕМ БОЛУДЫ;

14. ҮНЕМШІЛДІК ПЕН САРАҢДЫҚТЫ;

15. БӘСЕКЕЛЕСТІК  ПЕН  БАҚТАЛАСТЫҚТЫ.

 

Еңбек еткісі келмейтін, аш құрсақ, жарым жарты жүре беруге көндіккен, болашағын болжамайтын, болмаса біреудің есебінен күн көргісі келетін жатып ішер жалқауға еңбек ет, тіршілік жаса жағдайыңды дұрыста десе шүкіршілік осығанда қанағат дейді екен.

Енді бір бет терісі тырысқан бүлікшіл біреулер жалған намысты ту етіп ашуына ерік беріп, қылышын тасқа шауып бекерге бүлік шығарып жатады. Бағынуды жағыну деп қабылдап өзінше оны намыс көріп ақ көбік ашуға булығады екен.

Қолында тұрған нәпақасынан айырылып қала беретін ез адам қойшы сонымен жыртысып жатайын ба ұят емес пе деп тұрып, іштей бармағын тістелесе ол да бір сордың кейпі.

Пысық болу деген іскер, еңбекқор болу деген сөз. Ал көп адам оны біреудің жолын кесіп кету, өзгенікін іліп кету, алдыңды орап, үндемесең тонап кету, яғни мысықтық деп түсінеді.

Жақсы мен жаманды дұрыс ажырата алмасаң жігерің жасып, көңілің қараяды екен. Сенің көзіңмен өлшенген биік баға ақиқаттың нақ өзімен өлшенгенде өте аласа болып шыққанын көргенде өлшемді дұрыс таңдамағаның үшін өкінетін боласың.

Құр сезім қашан да сергелдеңге салады, сенім әрқашан ісіңді жөнге салады. Көңіл сенбей, сезім шарпыса түбі болады далбаса.

Сөзің бар ісің жоқ болса, сен де бір керуен ізің бар, жүгің жоқ. Уәде сөз еліктіреді, орындалмаса өшіктіреді. Басыңа бір бәле көшіп келеді.

Баз біреулер кең болам деп кеудесіне шығартып кем болып, жомартпын деп барын желге ұшырып, соңында өзі құр бекер жем болып, жер болып қалатында кез де болады екен.

Адал еңбек маңдай термен келген табысты үнемдеп жұмсау, ысырапқа жол бермеу Алланың әмірі, Пайғамбардың сүннеті. Өзің үшін пайдалы.   Бірақ үнемшілдік шегінен шықса сараңдыққа, қараулыққа бастауы әбден мүмкін. Сондықтан ортасын ұстаған ләзім.

Адал бәсеке  қабілет дарыныңды шыңдап бағыңды асырады, ал іштарлықтан туатын бақталастық басыңды қатырып, қарыныңды ашырады. Іштен күйдіріп күл қылады, сырттан жұлмалап жүн қылады. 

СОНДЫҚТАН  ЕШТЕҢЕНІ  ШАТАСТЫРМА!   

Әділ Ержан                                                    

Әділ ЕржанӘділ Ержан
9 жыл бұрын 4839
4 пікір
Блог туралы