ЖАҢА КӨЗҚАРАС 4
ЖАҢА  КӨЗҚАРАС 4

         Қазіргі мақсат ағылшын тілін (жалпылама айтқанда ғылым қалыптастырған тілдерді) терең игеру арқылы ғылымды игеру.  Ал  ТҮПКІ  МАҚСАТ СОЛ  ҒЫЛЫМДЫ  ӨЗ  ТІЛІҢДЕ  СӨЙЛЕТУ   болу керек. 

           Біз қашанғы жер жыртып егін егу үшін өзгенің соқасын пайдалануымыз керек. Соны өзіміз өз тілімізде оқып, ойлап жасаған кезде ғылымды ойлау еркіндігі тіл үйренуден бұрын дамып, тез қанаттанады. Әрбір дүниеге келген талантты қазақ баласының алдында ағылшын немесе жапон баласындай бірінші өзгенің тілін білу деген кедергі болмауы керек. Сол кезде ғылым ерте дамиды. Бұл тіл үйренбе деген сөз емес. Әрбір тіл ғылымға ашылған жаңа есік. Айтпағым қазіргі буын келер ұрпаққа қазақ тілінде тізесін тік ұстай алатын ғылымның іргетасын қалау керек. Әйтпесе, көп адам қолын мезгілінен кеш сермеуге тура келеді.

Әділ ЕржанӘділ Ержан
9 лет назад 3121
1 комментарий
  • Әдiл бауырым көзқарасың өте орынды. Дегенмен, Қазақ елi кейбір шегара, iшкi заң сынды белгілі нарселерде тәуелсіз болғанымен, ғылымда әлi орысқа тәуелді. Орыстың шеңгелінен шығу үшін кытығына тимей құтылудың жолы деп түсіндім ағылшын тiлiн үйретудегі саясаттың астарын. Егер әлемдік тiл болып табылатын ағылшынды үйреніп алған қазаққа орыс тiлi қажет емес, себебі, дунияуи ғылымның тiлi осы тiлде. Болмаса, орысқа деген тәуелділік мирас болып қала бермек. Байқасаныз ұлт тағдырына жан ашитын бабалардың көбi көп тiл бiлген. Орыс тілін үйренейік деген Абайдан артық қазақты сүйем дейтін адам жоқ деп бiлем, "Жасымнан жетік бiлдiм турiк тiлiн, Сол тiлге аударылған барлық бiлiм" деген Шәкәрім қазақ қамын ойламады деуге келмес. Сондықтан, маселе тiл уйренуде емес, ғылым кiлтiн таба алмауда деп ойлаймын.
    9 лет назад
О блоге