ОҚУШЫ ЖАДЫНА
ОҚУШЫ  ЖАДЫНА
  1. Адам деген атқа әрқашан лайық болуың керек.
  2.  Ата - анаң сені оқуға жіберді, үміт күтеді. Сені мақтан еткісі келеді, келешегіңді көп ойлайды, алаңдайды. Сенімді ақта, бақытқа кенелесің.
  3.  Уақытыңды босқа өткізбе. Әр сәтіңді тиімді пайдалан. Елдің соңында қалғың келмесе, білім ал. Көп ұйықтасаң, көп нәрседен құр қаласың. Уақыт саған берілген мүмкіндік. Уақытыңды уайымда.
  4.  Алдыңа үлкен мақсат қой және әр күн сайын соған жетудің  жолын ізде. Іздеген жетер мұратқа. Аз сөйлеп, көп тыңда.
  5.  Тазалық сақта. Тазалық - иманның жартысы.  Айналаң таза болса, жан әлемің де таза болады.
  6.  Тәртіпке бағынсаң, өмірің де бір тәртіпке түсіп жақсарады. Бағына білсең, көп нәрсені бағындыра білесің.
  7.  Жетістікке қол жеткізгің келсе, белсенді бол. Үнсіз қалып, қоғамдық жұмыстан қашсаң, сәттілік те үнсіз қалып, қоғамнан өз орныңды таба алмайсың. Өкінесің, бірақ қайтып келе алмайсың.
  8.  Мінезің көркем болсын. Қырсық, кесір мінез - барлық бақытсыздықтың басы. Мінезі жақсы адамда бәрі жақсы болады.
  9.  Кек сақтама. Өкпе, реніш жүректі кірлетеді. Кірлеген жүрек өміріңді қор етеді. Көбірек күлімде, жүзің нұрланып, жүрегің тазарады. Жақсылыққа ұмтылсаң, ол сені өзі іздеп келетін болады.
  10. Адамдар мені түсінбейді деп ашуланба, мен неге оларды түсіне алмай тұрмын деп ойла. Түсіндіруге емес, түсінуге тырыс.
  11. Ренжісең кешір, ренжітсең, кешірім сұра. Екеуі де үлкен жеңіс.
  12. Өзгені сыйлай білсең, өзің де сыйлы боласың. Үлкеннің ақылын жерде қалдырсаң, өзің де жерде қаласың.
  13. Бірлікке басыңды қоса алмасаң, тірліктен табыс күте алмайсың. Өзіңді емес, көпті ойла. Сонда көп адам сені ойлайды.
  14. Айналаңды таспен емес, доспен қорша. Әр нәрседен жақсылық ізде. Қыз болсаң ибалы, тәтті қылықты бол. Ұл болсаң намысты, ұятты бол.
  15.  Өмірдің әр күні сабақ. Тәлім ал. Дұрыс ақыл айтқан адамның сөзін қабыл ал. Ақ пен қараны жас кезіңде танып ал. 

                                                                                                                                                                                                         

  1. Ты всегда  должен соответствовать имени «Человек»
  2. Родители  отправили тебя учиться. Они надеются на тебя, хотят гордиться тобой и  переживают за твое будущее. Оправдай их надежды и будешь счастлив.
  3. Не теряй времени, каждое мгновение проводи с пользой.  Если хочешь быть наравне со всеми – тогда,  учись! Много будешь спать –многое потеряешь.  Время - это дар,  цени его!
  4. Ставь перед собой высокие цели и каждый день ищи пути их достижения.  Кто стремится к цели  – тот достигнет ее. Больше -  слушай, говори –меньше.
  5. Соблюдай чистоту!  Чистота - это частица твоей души и веры. Если окружение твое  чистое, и  на душе  будет светло.
  6. Будешь соблюдать  дисциплину, и  жизнь   твоя наладится. Станешь подчиняться, то многое  сам сможешь  подчинить.
  7. Хочешь добиться успеха, будь активным. Если  не будешь  участвовать в    общественной  жизни,  то  удача будет сторониться  тебя.  Тебе сложно будет найти свое место в жизни.  Будешь сожалеть об этом, но будет поздно.
  8. Формируй   прекрасный характер. Эгоизм, упрямство - начало всех несчастий. Для человека с добрым  характером все во благо.
  9. Не держи зла. Обида, боль загрязняют сердце, а это может  искалечить твою жизнь.Улыбайся чаще, это добавит твоим глазам искры и очистит  душу. Делай добро и воздастся тебе. Добро побеждает зло.
  10. Не осуждай людей за то, что они не понимают тебя, а попытайся сам понять их.
  11. Обидел кого- то  -  попроси прощения, тебя обидели - прости. Это твоя победа.
  12. Относись к другим с уважением и будешь уважаемым. Если будешь пренебрегать советами старших, сам останешься в сторонке.
  13. Если  не  можешь быть в единстве с другими, то жизнь теряет всякий смысл.  Не думай  только о себе, думай и о других. Тогда все другие  будут думать о  тебе.
  14. Окружай себя друзьями, ищи в людях хорошее. Если ты –девушка, береги честь. Если ты - юноша, будь мужественным.
  15. Каждый день - это урок для тебя. Прислушайся к  тому, кто дает советы. Умей  отличать  хорошее  от  плохого. 

                                                                                                                                                                                                                 ӘДІЛ  ЕРЖАН 

 

Әділ ЕржанӘділ Ержан
9 лет назад 8756
1 комментарий
О блоге