ҚЫЗДЫ СҮЙІКТІ ЕТЕР ЖЕТІ ҚЫЛЫҒЫ
Пәк болу – қыздың пәктігі Алла берген ең үлкен қазынасы. Әдепті болу – қыз әдепті болса, көзің қуанып, жүрегің жылиды. Таза болу – бойы таза болмаса, жақсы әйел болмақ ойы да тазармас. Пысық болу – жеті жұт салақпен сегіз, олақпен тоғыз болады. Ұстамды болу – өзін ұстай алмаған, келген бақты ұстап тұра алмайды. Ұқыпты болу –жоқтан бар жасай алмаған, барды ұқсата алмайды. Иманды болу – осы алты қылықты бір бойына жиған қызда иман бар. ...