Егер болашақ келінім әдепті болсын десең, өз ата-енеңді қадірле.
Егер келінім ұлымның сағын сындырмасын десең, күйеуіңнің сөзін бөліп, бір айтқанын екі етпе. Қарсы келіп қысыр сөзбен кекетпе.
Егер қызым жақсы жанға жар болып бағы ашылсын десең, өз азаматыңның бағын аш.
Егер жақсы бала туғың келсе, бойың мен ойыңды тек қана тазалыққа үйрет.
Егер бақытты ана болғың келсе, ақ баталы келін бол.
Егер ұл-қызым жаманатсыз болсын десең, ас суың адал, ниетің таза, тәрбиең үзіліссіз жақсы болсын.
Егер жанұялық бақытты аңсасаң, жолдасыңның жанұясын бағала.
Егер әдемі болғың келсе, сәнді киім іздеме, жайлы мінез, әліпті әдеп ізде.
Егер бақуатты тыныш өмір сүргің келсе, жоқтан бар жаса, азды көп ет, қанағат қып, сабыр ет.
Егер екі дүниеде жүзім жарық болсын десең, жиғаның иманың болсын.
Егер кез-келген уақытта еш ақысыз өзіңе қорған болар бірдеңе іздесең, маңдайың сәждеде, бар тілегің Тәңірден болсын.
Егер дәл қазір өзіңді бақытты сезінгің келсе, жан-жағыңа мейіріммен, махаббатпен қара.
Егер жер бетіндегі ең нәзік жан иесін іздесең, ол сенің ішкі әлеміңде.
Әділ Ержан