Бес минуттық сынақ
Бес минуттық сынақ

Бір жерге сағат беске дейін бір құжат апарып қол қойдырып алуым керек болды. Төрт кезінде жасап бітіп, асығыс шықпақ болдым да екінті уақытының кіріп қойғанын байқап намаз оқуға тұрдым. Намаз бітіп енді шыға бергенде бір әріптес шай ішіңіз деді жоқ асығыспын дедім. Бірақ көңіл қимай бір кесе шайға тізе бүктім. Тағы біреу кетті, арасында әңгіме.

Сағатыма қарасам 16.30 бопты. Ентігіп қажетті есікке 16.45 те келсем есігі жабық тұр екен. Қап деп санымды соқтым. Бірінші қол қойдырып алып, намаз оқығанда екеуіне де үлгеретін едім деп орындыққа отыра кеткенім сол еді. Жүрек түкпірінен бір дауыс есесіне намазыңды уақытында оқыдың деді. Бір есті адамның "Намазыңды тірлікке байласаң екеуі де қаза болады, тірлігіңді намазға байласаң екеуі де таза болады" деген сөзі есіме түсіп, жүзіме жылы шуақ үйіріліп, е бұғанда шүкір ертең келермін деп тұра бергенім сол еді, іздеген адамым келіп есігін ашып жатыр, әлі кетпепті. Көрші кабинетте болған тәрізді. Бар болғаны бес минуттың айналасы. Шаруамды бітіріп, әуелгі пенделік ойыма күйініп, сабыр мен шүкірліктің сыйына сүйініп тұрғанда есіме жаңағы сөз қайта оралды:
"Намазыңды тірлікке байласаң екеуі де қаза болады, тірлігіңді намазға байласаң екеуі де таза болады"

Әділ ЕржанӘділ Ержан
8 жыл бұрын 5320
0 пікір
Блог туралы