ШҰҒЫЛАЛЫ ХАН
ШҰҒЫЛАЛЫ   ХАН

Шыңғыс хан Шұғылалы хан болыпты заманында. Әлемнің жаратылысы бөлек адамдарының алдыңғы ондығынан табылатын түркі жұртына ортақ тұлға Шыңғыс бабамыз туралы қазіргі даулы пікірлерге бір нүкте қойылуы керек.

Мен ғалымдардың Шыңғыс ханның арғы тегі қазақ деген дәлелдерінің екеуіне мықтап бекідім.

Бірінші, оның өз атынан бастап барлық туыстарының, жақындары мен әскербасыларының барлығының есімі қазақ есімдер. Ал қазіргі моңғол жұртында арғы тегінен бері ондай есімдер болмаған. Есімдердің дыбыс, буын үндестігі тек қана қазақ сөздеріне тән, моңғол сөздеріне еш қатысы жоқ.

Екінші, заманында бір-бір хандық құрып айбыны асып тұрған Керей, Найман сынды қазақ тайпаларының діні, таным түсінігі басқа біреулерге билікті беріп қойып, соның артынан ереді деу таяз ойлау және намыссыздық болса керек.

Түркі әлемінің ұлы тұлғасын жоқ қылып, оны елеусіз моңғол жұртына таңып қою империялық үлкен саясаттың құпия тірлігі. Басқыншылар Шыңғыс хан рухынан қорықты. Сосын оны қазақтан біржола бөліп, саналарға ол моңғол деп уын мықтап сеуіп кетті. Ақыр соңы әлемге әйгілі тұлғаны сенің арғы бабаң десе, шамданып намыстанып, ат тонымызды ала қашатын күйге жеттік. Ал іргедегі қытайлар оны біздің ұлы ханымыз деп таласып отыр.

Әлемнің әйгілі тарихшылары Шыңғыс ханның қазақ екенін дәлелдеп қазақтарға соқырға таяқ ұстатқандай қылып тарихын тірілтіп берсе де өлген рух, құлданған сана өз өзінен қашып әлек. Өз тарихын, тұлғасын танып басына көтере алмаған ҚАЗАҚТАРҒА ӘЛЕМ КҮЛІП ОТЫР дейді көзі ашық ғалымдар.

Ұлы тұлғаларын ардақтай алмаған халықтың халі қашанда мүшкіл болмақ. Өлі риза болмай тірі байымайды деген.

Шыңғыс хан қазақ болған дегенімде бір әріптесім жақтырмай мұрынын шүйірді. Сосын мен айттым сізде екі таңдау бар:

Біріншісі, қазақ халқы Шыңғыс хандай ұлы бабасы бар текті айбынды халық. Қазақ халқы Жошы,...............Керей мен Жәнібек..........Абылай, Қасым, Тәуке ........ Кенесары ........Шоқан Уәлиханов, Әлихан Бөкейханов, Шота Уәлиханов сынды даңқты бабаларымыздың арғы тегі болған Шұғылалы ханның елі.

Екіншісі, қазақ халқы сонау 13-ғасырдан бастап (ғалымдардың айтуынша тибет асып келген әртүрлі тайпалардан құралып ел болған) аз ғана моңғол жұртына бағынып соның қол астында өмір бойына қорлықта болған, өз ішінен ел басқарар ер шықпаған сорлы халық.

Ал енді өзің таңда. 

Шыңғыс ханның қазақ екенін мойындамау екінші пікірді мойындау деген сөз. Ал бірінші пікір тарихи шындық. Өз бабаларыңды ардақтау деген сөз.

Шыңғыс ханнан бас тарту деген сөз Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібектен бас тару, яғни қазақтың хандығынан, елдігінен бас тарту моңғол басқыншыларының құрған мемлекетінің 550 жылдығын тойлау, құлдықты тойлау деген сөз. Ол деген қазақ өмір бойы құлдықта болған сорлы халық деген сөз.

Бір жерден оқыған едім.

Қазақтың ен байлығы неге талауға түсіп, рухы бір көтерілмей-ақ қойды деген сұраққа бір кезде Мәскеуге апарылған алып тайқазанның өзін қайтарып алсақ та қақпағын ала алмадық. Ал ашық тұрған қазанды ит-құстың бәрі жалап сарқып ішіп кетіп жатыр, ал қаймана қазаққа қаспақ қырудан басқа амал қалмады. Қазаннан қақпақ кетсе иттен де ұят кетеді деген осы болып тұр. Қашан құт қазанның қақпағы жабылады сол кезде қазына халықтың игілігіне айналады. Ал қазақ рухы қазақтың соңғы ханы болған Кенесарының басы елге оралғанда ғана тіріліп, айбыны асқақтайды дейді.

АЛ ШЫҢҒЫСХАН КЕНЕСАРЫНЫҢ ТІКЕЛЕЙ АРҒЫ БАБАСЫ. 
КЕНЕСАРЫНЫ ҚАЗАҚ ОНЫҢ БАБАСЫ ШЫҢҒЫСХАНДЫ МОҢҒОЛ ДЕУ СІЗДІҢ ЖЕТІНШІ АТАҢЫЗДЫ ҚАЗАҚ, ОН ЖЕТІНШІ АТАҢЫЗДЫ МОҢҒОЛ ДЕГЕНМЕН БІРДЕЙ ЕМЕС ПЕ?

ЕГЕР ОН ЖЕТІНШІ АТАМ МОҢҒОЛ БОЛҒАН НЕМЕСЕ МЕН ЖЕТІ ҒАСЫР БОЙЫНА МОҢҒОЛ ХАНДАРЫНА БАС ИГЕН СОРЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ НАМЫССЫЗ ҰРПАҒЫМЫН ДЕГІҢІЗ КЕЛСЕ, ШҰҒЫЛАЛЫ ХАНЫҢЫЗДЫ МОҢҒОЛ ДЕЙ БЕРІҢІЗ. БІТЕЛГЕН ҚҰЛАҚ ПЕН СОҚЫР КӨЗГЕ, ӨЛГЕН ЖҮРЕК ПЕН СӨНГЕН САНАҒА АМАЛ ҚАНША.

Әділ  Ержан

 

Әділ ЕржанӘділ Ержан
8 жыл бұрын 3541
1 пікір
Блог туралы