"ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН" деген сөзді бізге қазір қолданыстан шығару керек. Бұл сөз біздің бір кезде біреуге тәуелді болғанымызды еске түсіріп тұрады. Яғни, жас ұрпақ құлдық сананың сарқыншақтарын еске түсіретін әрбір дүниеден ада болуы керек. Енді біз Германия, Англия, Жапония тәрізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ немесе ҚАЗАҚИЯ деген атауды алып жүруіміз керек.
Бір ауызы дуалы шежіреші шетелдік ақсақал ағамыз айтқан екен: "Сендер тәуелсіз Қазастан деп көп дақпырт қылады екенсіңдер, бірақ тәуелсіз болып тұрғандарың шамалы (орыстың тіліне, сырт мемлекеттердің ықпалына тәуелді болып өз қалауымызды істей алмай отырғанымызды меңзесе керек), ал шешендер сөз жүзінде тәуелді, бірақ іс жүзінде әр шешен ешкімге тәуелсіз екен". Шынымды айтсам ағамның сөзі ауыр тиді. Бірақ шындық. Себеп бізде ұлттық идеология жоқ. Ұлттық идеология жоқ болғандықтан діндес бауырларымыз әртүрлі ағымда, әртүрлі ықпалды саяси күштердің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізіп отырған саясатының қуыршағына айналып жүр.
25 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ДЕГЕН СӨЗ АЛҒАШҚЫДАҒЫДАЙ СОНШАЛЫҚТЫ ЕРКІН ЕСТІЛМЕЙДІ, ҚАЙТА БІР КЕЗДЕ ҚҰЛ БОЛҒАНСЫҢ ДЕП ҚАДАМЫҢДЫ ҚОРҒАЛАТЫП ТҰРАТЫНДАЙ СЕЗІЛЕДІ.
СОЛ СЕБЕПТІ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ДЕГЕН СӨЗДІ СӨЙЛЕУ ЖҮЙЕСІНЕН ШЫҒАРЫП, ОНЫҢ ОРНЫНА ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ ДЕГЕН ҰҒЫМДЫ БЕРІК ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕК.