ЖАҢА КӨЗҚАРАС 1
ЖАҢА  КӨЗҚАРАС  1

 "ТӘУЕЛСІЗ  ҚАЗАҚСТАН" деген  сөзді бізге қазір қолданыстан шығару керек. Бұл сөз біздің бір кезде біреуге тәуелді болғанымызды еске түсіріп тұрады. Яғни, жас ұрпақ құлдық сананың сарқыншақтарын еске түсіретін әрбір дүниеден ада болуы керек. Енді біз Германия, Англия,  Жапония тәрізді   ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ  немесе  ҚАЗАҚИЯ   деген атауды алып жүруіміз керек. 

Бір ауызы дуалы шежіреші  шетелдік ақсақал ағамыз айтқан екен: "Сендер тәуелсіз Қазастан деп көп дақпырт қылады екенсіңдер, бірақ тәуелсіз болып тұрғандарың шамалы (орыстың тіліне, сырт мемлекеттердің ықпалына тәуелді болып өз қалауымызды істей алмай отырғанымызды  меңзесе керек), ал шешендер сөз жүзінде тәуелді, бірақ іс жүзінде әр шешен ешкімге тәуелсіз екен".  Шынымды айтсам ағамның сөзі ауыр тиді. Бірақ шындық. Себеп бізде ұлттық идеология жоқ. Ұлттық идеология жоқ болғандықтан діндес бауырларымыз әртүрлі ағымда, әртүрлі ықпалды саяси күштердің  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізіп отырған саясатының қуыршағына айналып жүр. 

25 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ  ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ДЕГЕН СӨЗ  АЛҒАШҚЫДАҒЫДАЙ  СОНШАЛЫҚТЫ ЕРКІН ЕСТІЛМЕЙДІ, ҚАЙТА  БІР КЕЗДЕ ҚҰЛ БОЛҒАНСЫҢ  ДЕП  ҚАДАМЫҢДЫ ҚОРҒАЛАТЫП ТҰРАТЫНДАЙ  СЕЗІЛЕДІ. 

СОЛ  СЕБЕПТІ ТӘУЕЛСІЗ  ҚАЗАҚСТАН ДЕГЕН СӨЗДІ СӨЙЛЕУ ЖҮЙЕСІНЕН   ШЫҒАРЫП,  ОНЫҢ ОРНЫНА  ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ ДЕГЕН ҰҒЫМДЫ БЕРІК ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕРЕК.

Әділ ЕржанӘділ Ержан
8 жыл бұрын 3546
3 пікір
  • Ия ойыңызға келісемін. Бірақ, бұл нәрсе басшылық тарапынан жүзеге асса екен. Бекболат ағамыздың Қазақстанды "Қазақия" деп атайық деген ұсынысын басшылық қабылдамай отыр. Халықтың кейбірі соған қарамастан елімізді "Қазақия" деп атап жүр. Басшылық рұқсат етпейінше, дипломатиялық қарым-қатынаста, ресми іс-қағаздар мен БАҚ-нда Қазақстанды "Тәуелсіз Қазақстан" ретінде насихаттайды, тіпті, "айтып айтпай не керек" импорт пен экспортта да Қазақстан тәуелсіз ел ретінде насихатталады. Әрине, осыдан кейін "баяғы жартас-сол жартастың" кері санамыздан қара таңба болып түспейді. Алайда, "фәһм" деген нәрсе бар өзі. Фәһм- Алла тарапынан құлына (пайғамбардан өзге) салынатын шешім не хабар. Мысалы, Йәмәмә соғысында 700-ге жуық сахаба қарилар шейіт болғанда Құранның жойылып кету қаупі болды. [Қараңыз: "Тәфсиируль Қуртуби" 1/85] Сонда Омар (р.а.) халифа Әбу Бәкірге және Зәйд ибн Сәбитке (р.анһум.) "Құранды бір мусхафқа жинайық" деген ұсыныс тастағанда халифа мен Зәйд ибн Сәбит (р.а.) оның ойына қарсылық танытқан еді. "Пайғамбарымыздың (с.а.с.) істемемегенін мен қалай істейін?",-деп қарсылық танытқандары өзіңізге мәлім шығар. Сол кезде Алла Әбу Бәкірге және Зәйд ибн Сәбитке (р.анһум) Құранды жинау жақсы амал екенін көкірегіне "фәһм" салу арқылы білдірді...[ Қараңыз: Ибну Хаджар "Фәтхуль Бәри фии Шарх Сахих әль-Бухари" 11/171] Міне, сол секілді басшыларымыздың көкірегніне Алла "фәһм" салсын деп дұғада болайық. "Алла сабырлыларды жақсы көреді" ("Әли Имран" 149-аят)
    8 жыл бұрын
  • Дұға қылайық. Сізге рахмет жаңа бір көзқарасқа себеп болдыңыз. Еліміздегі барлық мешіт жамағаты болып бір уақытта Алладан басшыларымызға имандылық тілесек, Алла кейбір имансыз басшылардың көкірек көзін ашып еліміз Алланың хикметімен тар жерден тезірек жол тауып шығып кетер ме еді.
    8 жыл бұрын
  • Бір ұлт жанашыры ағамыздың айтқанындай, елдігімізді, ұлттығымызды мәңгі сақтап қалу үшін үш нәрсеге, яғни тіл, дін, діл (менталитет), берік болуымыз керек. Шындығында да солай. Осыны халқымыз ұғынсп екен...
    8 жыл бұрын
Блог туралы