ЖАҢА КӨЗҚАРАС 2
ЖАҢА  КӨЗҚАРАС  2

Ғылыми еңбектер атақ  үшін жасалып қорғалмауы керек. Талантты ғалым бар өмірін өзінің атын  шығаруға емес бір буын ұрпаққа сапалы білім  беруге арнайтындай еңбек етіп, үлкен жол қалдыруы керек.  Яғни, ғалымның білгені  іс  жүзінде  шәкірттері арқылы  жалғасын  табуы керек. Олай дейтінім, сабақта  көп  берері жоқ  атағынан ат үркетіндей ғалымдардың алдын көргенім.  Жаңалық  пен  жақсылық  жолындағы ізгі мұратқа иек арта алмайтын  кез-келген  ғылыми  атақ  кері қайтарылып алынуы керек. Ғылымды  атақтың  қанжығасынан шешіп алып аттың үстіне мінгізген абзал. Кез-келген  ғалым  ғылыми  атақ алып әлеуметтік жағдайын түзетуді мақсат етпей, қоғамды түзетіп, технологияны дамытуды мақсат етсе ғана  ғылым өркендеп, қоғам жақсарады.  

ӘЛ-ФАРАБИ, ИБН-СИНА, ҰЛЫҚБЕКТЕР ҰЛЫ АТАҚТАРДЫ ИЕЛЕНБЕЙ-АҚ АРТЫНА ҰЛЫ МҰРА ҚАЛДЫРЫП, ТАРИХТА ҰЛЫ БОЛЫП ҚАЛДЫ ЕМЕС ПЕ? 

 

ЖАҢА КӨЗҚАРАС. ҒЫЛЫМ. ҒАЛЫМ
Әділ ЕржанӘділ Ержан
9 жыл бұрын 4299
2 пікір
  • Ия, Әділ аға. Дұрыс. Атақты профессор, философия ғылымдарының докторы Алтай Тайжанұлы маған берген сұхбатында: "Қазір екінің бірі трайвализммен айналысып кетті.Бірі өз руын мақтаса, біреу ата-бабасын мақтап, кітаптың санын толтырып, сапасыз еңбектер бастырып шығаруда. Айтқандары - даңқ пен дақпырт",-деген болатын. Ойланатын мәселе!!!
    9 жыл бұрын
  • Өткінші өмірдің атағын алып жүру де ауыр ғой негізі. Қайрат ағамыздың бір уағызын естіген едім. Ол кісі бір қонақасыда отырып, уағыз насихат арасында "біз бәріміз Жаратушының құлымыз" десе керек. Сонда сол жерде отырған мүйізі қарағайдай үлкен атағы бар бір ағамыз "МЕН ҚҰЛ ЕМЕСПІН, МЕН АКАДЕМИКПІН" деп кеудесін қақса керек. Қайрат аға сол сәтті жұма уағызында айта келіп "ҚҰДАУ -АУ , БҰЛ ПЕРҒАУЫННЫҢ ҮНІ ҒОЙ" деп түйген еді. Атақ шіркін көтере алмаса талайдың биігін табан астына бірақ салады ау шамасы.
    9 жыл бұрын
Блог туралы