Қазіргі мақсат ағылшын тілін (жалпылама айтқанда ғылым қалыптастырған тілдерді) терең игеру арқылы ғылымды игеру. Ал ТҮПКІ МАҚСАТ СОЛ ҒЫЛЫМДЫ ӨЗ ТІЛІҢДЕ СӨЙЛЕТУ болу керек.
Біз қашанғы жер жыртып егін егу үшін өзгенің соқасын пайдалануымыз керек. Соны өзіміз өз тілімізде оқып, ойлап жасаған кезде ғылымды ойлау еркіндігі тіл үйренуден бұрын дамып, тез қанаттанады. Әрбір дүниеге келген талантты қазақ баласының алдында ағылшын немесе жапон баласындай бірінші өзгенің тілін білу деген кедергі болмауы керек. Сол кезде ғылым ерте дамиды. Бұл тіл үйренбе деген сөз емес. Әрбір тіл ғылымға ашылған жаңа есік. Айтпағым қазіргі буын келер ұрпаққа қазақ тілінде тізесін тік ұстай алатын ғылымның іргетасын қалау керек. Әйтпесе, көп адам қолын мезгілінен кеш сермеуге тура келеді.