ЖЕРГЕ ҚАРАУДАН ҚОРҒАП ҚАЛАР ЖЕТІ ҚАСИЕТ:
ЖЕРГЕ  ҚАРАУДАН  ҚОРҒАП  ҚАЛАР  ЖЕТІ  ҚАСИЕТ:
  1. Көркем мінез  - өміріңнің айнасы.
  2. Ақ ниет – Алладан аларың.
  3. Тазалық  - иманыңның жартысы.
  4. Ұқыптылық – Алланың аманаты.
  5. Еңбек – түбі зейнет.
  6. Құлшылық  - өзіңді қорғау.
  7. Білім  - жарық сәулең.

 

Мінезі жаман адамнан жақсы адамдар алыс жүреді, сол себепті көрер жақсылығы да аз болады. Мінезі қырыс болса жолы да қырыс, айналасы тар, арты құз, алды жар болады.

Ниеті бұзық пенде онысын айналасынан жасырғанмен Алладан жасыра алмайды, ал несібе таратушы оның ниетіне сай етіп ырзық пен қайғы, қуаныш береді.

Тазалық бар жерде жақсылық бар. Лас жерден періштелер қашып, шайтан  шырмау салады. Әр адам өзінің бойы мен айналасын таза ұстауы керек.

Маңдай теріңмен келген Құдайдың ризығын ысырап қылып, орынсыз шашу немесе тиімді жарата білмеу шөл далада ауызыңа тамызар суды аяқ астыңа ағызғанмен тең.

Еңбек ету мұратыңа жетудің жалғыз жолы. Еңбексіз масыл сананың өлген денеден айырмашылығы жоқ.  Еңбек табысқа ғана емес тиімді нәтижеге бағытталуы керек.

Құдайыңа құлшылық жасау өзіңнің кім екеніңді, не істеу керектігіңді, кімге баратыныңды ұмытпаудың жалғыз анық жолы. Құлшылығы бардың, жүрегінде тыныштық бар.

Білім көзге көрінбес мықты қаруың, алысты жақын етер дүрбің, қараңғыңды жарық етер сәулең. Білім алдыңғы алты қасиеттің көкжиегін кеңейтер негізгі тірегі. 

Әділ ЕржанӘділ Ержан
8 жыл бұрын 5177
0 пікір
Блог туралы