СОҢҒЫ ДЕМ Соңғы күн, Соңғы сәт, Соңғы дем, Ескертпей бір күні келеді. Ес жимас адамдар, Тек үнсіз көнеді. Соңғы рет Бір терең дем алып. Амал жоқ түсініп, Өткенін өмірдің бекерге. Аттанып кетеді, Мәңгілік мекенге. Істейтін тірлігі көп еді... Мүмкіндік Оған да бір сәтке келмеді. Соңғы дем үздігіп үзілді, Құлыңды Құдайым кеш енді. ...Жасымда Салмақты мың сұрақ, Жоқ кезде басымда. Жақсыға, Жарыққа, Жылт еткен сәулеге құмар-ем! Бәріне шүбәсіз сенер-ем. Бүгінде Сол сенім Сол күйі, тұтастай жоқ менде. Бір үміт, Бір үрей көңілде. Түн...