- Адам деген атқа әрқашан лайық болуың керек.
- Ата - анаң сені оқуға жіберді, үміт күтеді. Сені мақтан еткісі келеді, келешегіңді көп ойлайды, алаңдайды. Сенімді ақта, бақытқа кенелесің.
- Уақытыңды босқа өткізбе. Әр сәтіңді тиімді пайдалан. Елдің соңында қалғың келмесе, білім ал. Көп ұйықтасаң, көп нәрседен құр қаласың. Уақыт саған берілген мүмкіндік. Уақытыңды уайымда.
- Алдыңа үлкен мақсат қой және әр күн сайын соған жетудің жолын ізде. Іздеген жетер мұратқа. Аз сөйлеп, көп тыңда.
- Тазалық сақта. Тазалық - иманның жартысы. Айналаң таза болса, жан әлемің де таза болады.
- Тәртіпке бағынсаң, өмірің де бір тәртіпке түсіп жақсарады. Бағына білсең, көп нәрсені бағындыра білесің.
- Жетістікке қол жеткізгің келсе, белсенді бол. Үнсіз қалып, қоғамдық жұмыстан қашсаң, сәттілік те үнсіз қалып, қоғамнан өз орныңды таба алмайсың. Өкінесің, бірақ қайтып келе алмайсың.
- Мінезің көркем болсын. Қырсық, кесір мінез - барлық бақытсыздықтың басы. Мінезі жақсы адамда бәрі жақсы болады.
- Кек сақтама. Өкпе, реніш жүректі кірлетеді. Кірлеген жүрек өміріңді қор етеді. Көбірек күлімде, жүзің нұрланып, жүрегің тазарады. Жақсылыққа ұмтылсаң, ол сені өзі іздеп келетін болады.
- Адамдар мені түсінбейді деп ашуланба, мен неге оларды түсіне алмай тұрмын деп ойла. Түсіндіруге емес, түсінуге тырыс.
- Ренжісең кешір, ренжітсең, кешірім сұра. Екеуі де үлкен жеңіс.
- Өзгені сыйлай білсең, өзің де сыйлы боласың. Үлкеннің ақылын жерде қалдырсаң, өзің де жерде қаласың.
- Бірлікке басыңды қоса алмасаң, тірліктен табыс күте алмайсың. Өзіңді емес, көпті ойла. Сонда көп адам сені ойлайды.
- Айналаңды таспен емес, доспен қорша. Әр нәрседен жақсылық ізде. Қыз болсаң ибалы, тәтті қылықты бол. Ұл болсаң намысты, ұятты бол.
- Өмірдің әр күні сабақ. Тәлім ал. Дұрыс ақыл айтқан адамның сөзін қабыл ал. Ақ пен қараны жас кезіңде танып ал.
- Ты всегда должен соответствовать имени «Человек»
- Родители отправили тебя учиться. Они надеются на тебя, хотят гордиться тобой и переживают за твое будущее. Оправдай их надежды и будешь счастлив.
- Не теряй времени, каждое мгновение проводи с пользой. Если хочешь быть наравне со всеми – тогда, учись! Много будешь спать –многое потеряешь. Время - это дар, цени его!
- Ставь перед собой высокие цели и каждый день ищи пути их достижения. Кто стремится к цели – тот достигнет ее. Больше - слушай, говори –меньше.
- Соблюдай чистоту! Чистота - это частица твоей души и веры. Если окружение твое чистое, и на душе будет светло.
- Будешь соблюдать дисциплину, и жизнь твоя наладится. Станешь подчиняться, то многое сам сможешь подчинить.
- Хочешь добиться успеха, будь активным. Если не будешь участвовать в общественной жизни, то удача будет сторониться тебя. Тебе сложно будет найти свое место в жизни. Будешь сожалеть об этом, но будет поздно.
- Формируй прекрасный характер. Эгоизм, упрямство - начало всех несчастий. Для человека с добрым характером все во благо.
- Не держи зла. Обида, боль загрязняют сердце, а это может искалечить твою жизнь.Улыбайся чаще, это добавит твоим глазам искры и очистит душу. Делай добро и воздастся тебе. Добро побеждает зло.
- Не осуждай людей за то, что они не понимают тебя, а попытайся сам понять их.
- Обидел кого- то - попроси прощения, тебя обидели - прости. Это твоя победа.
- Относись к другим с уважением и будешь уважаемым. Если будешь пренебрегать советами старших, сам останешься в сторонке.
- Если не можешь быть в единстве с другими, то жизнь теряет всякий смысл. Не думай только о себе, думай и о других. Тогда все другие будут думать о тебе.
- Окружай себя друзьями, ищи в людях хорошее. Если ты –девушка, береги честь. Если ты - юноша, будь мужественным.
- Каждый день - это урок для тебя. Прислушайся к тому, кто дает советы. Умей отличать хорошее от плохого.
ӘДІЛ ЕРЖАН