ӨЗГЕР АДАМ
Е, Алла...
Өзіңе емес, шен - шекпенге бас иетін,
Олар айтса бәріне де көзін жұмып көнетін.
Өзін ақтап, өзгені қаралауда дес бермейтін,
Әрбір істе алдыңды орап кес - кестейтін.
Істен сөзі оза шапқан пысықтар мен
Жүзі күліп, іші өртеніп шын бірлікке бара
алмайтын,
Кемдігіңе жармасып, сырттан сөгіп қаралайтын.
Іштен шыққан жаудан жаман мысықтардың,
Ешкімге де пайда әкелмес тірлігінен сақташы.
Ей, адамдар...
Өмір қысқа қасарыспай ойлаңдар,
Пендешілік қылықтарға бармаңдар.
Алла берген есіл уақыт босқа өтіп,
Бір - біріңді аяғыңнан шалмаңдар.
Мінсіз адам болмайтынын білсең де,
Өз ісіңді өзгелердің кемдігімен өлшеме.
«Кім біреудің мінін ашып көп ішінде қараласа,
Тәңір оның одан үлкен мінін ашып жазалайды».
Деген сөздер ой - санаңа салмақ салып,
жүрегіңе жете ме?
Ар – ұятың, жаның таза болса егер,
Өзгеге емес өз ісіңе жауап бер.
Тәкаппардың шаң тозаңын көкірегіңе қондырып,
Еңбегіңді күнәменен жуып-шайып солдырып.
Адамдықты надандықпен тұмшалап,
Өзге түгіл өз арыңа бағынуды мін санап.
Жетегінде жүре бермей азғырушы шайтанның,
Өзгер адам,
Ойлан пенде, бір күн туар қайтар күн.
Әділұлы Ержан