САБЫР
САБЫР

Ашуланба,

Сабырыңды сақтап қал.

Кінәлама,

Өзіңді емес

Өзгелерді ақтап қал.

Қыңырайма, қисайма,

Құран, хадис,

Пайғамбардың өсиетін

Жүрегіңмен жаттап қал.

Араздассаң біреумен

Ғазиз басың кішіреймес,

Одан бұрын иіп қал.

Көркем мінез,

Таза жүрек,

Сау ақыл –

Тақуаның

Нұр киімін киіп ал.

Тәкаппарлық –

Тозақ оты біліп ал.

Жүрегіңді

Ол азаптан бөліп ал. 

Әділ ЕржанӘділ Ержан
9 жыл бұрын 13233
0 пікір
Блог туралы